Құрметті абоненттер!
Сізге 2025 жылғы 16 шілде күні компания желілерінде тоқсан сайынғы жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймыз.
Осыған байланысты, сағат 03:00-ден 17:00-ге дейінгі аралықта уақытша теледидар қызметі (Аналогтық, Цифрлық, Спутниктік теледидар, сондай-ақ almaTV онлайн-кинотеатры) қолжетімсіз болады.
Аталған жұмыстар болашақта қызметтердің сенімді әрі үзіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажет.
Түсіністік танытқаныңыз бен төзіміңіз үшін алғыс айтамыз.
Құрметпен, almaPLUS