Құқық иеленушімен шарттық қатынастардың аяқталуына байланысты 2026 жылғы 30 маусымнан бастап келесі телеарналардың хабар таратуы тоқтатылатынын назарларыңызға саламыз:
№ п/п | Өшірілетін телеарналар | Қосылатын телеарналар |
1 | Nick Jr. | Мульт |
2 | Nickelodeon | Детский мир |
3 | Nicktoons | Синема |
Контенттің жоғары сапасы мен әртүрлілігін қолдау мақсатында пакеттік ұсыныстардың құрамына жаңа телеарналар қосылады. Хабар тарату торының жаңаруы жас көрермендерді де (олар үшін ойын-сауық балалар бағдарламалары дайындалды), сондай-ақ кино сүйер қауымды да («Синема» фильмдік телеарнасының іске қосылуы арқасында) қуантады.
Түсіністік танытқандарыңыз бен сенім білдіргендеріңіз үшін алғыс айтамыз. Біз әрбір Абонентті бағалаймыз және сіздерге сапалы әрі сұранысқа ие телевидение қызметтерін ұсыну үшін жұмысымызды жалғастырамыз.
Құрметпен, almaPLUS