​Шекарасыз кино: Tvigle кітапханасы енді almaTV онлайн-кинотеатрында қолжетімді.

​Қазақстандық телеком-оператор almaPLUS экожүйесінің бөлігі болып табылатын almaTV онлайн-кинотеатры кітапхананың ауқымды түрде толыққанын хабарлайды.
​Енді пайдаланушыларға Tvigle каталогы – қосымша қосылулар мен төлемдерсіз мыңдаған сағат фильмдер мен сериалдар қолжетімді.

​Тағы да көбірек контент тікелей almaTV ішінде

​almaTV онлайн-кинотеатрында әлемнің түкпір-түкпірінен келген фильмдер мен сериалдар бар Tvigle каталогы пайда болды – жеңіл комедиялардан бастап шиеленіскен драмалар мен триллерлерге дейін.
​Енді барлық контент басқа сервистерге өтпей-ақ, бір интерфейсте almaTV ішінде қолжетімді.
​Көрермендер көңіл күйге сай контентті таңдай алады, бұл жайлы отбасылық көрініс пе, динамикалық экшн фильм бе немесе көз алмастан қарауға болатын жаңа дорама ма, бәрі де қарастырылған.

​almaTV онлайн-кинотеатрының пайдаланушыларына не қолжетімді

​Бір интерфейстегі мыңдаған фильмдер мен сериалдар
​Әлемдік хиттер – Голливуд, түрік сериалдары, корей дорамалары
​Кез келген талғамға сай контент, жеңіл комедиялардан тартысты триллерлерге дейін
​Артық әрекеттерсіз – барлығы almaTV ішінде қолжетімді, тағы қосымшаларды орнатудың қажеті жоқ

​almaPLUS: «Біз пайдаланушыларымыздың бір сервис аясында ең алуан түрлі контентті алуы үшін үздіксіз еңбек етеміз. Tvigle каталогын біріктіру – кино мен сериалдардың бай таңдауын бағалайтын көрермендерге жасалған тағы бір қадам».

​
Бір жазылым – толық мүмкіндіктер

​Tvigle контенті almaTV онлайн-кинотеатрының жазылымына әлдеқашан енгізілген және қолданыстағы тарифтер аясында қолжетімді.
​Бұл пайдаланушылардың қосымша төлемдер мен күрделі баптауларсыз тағы да көбірек сапалы бейне алатынын білдіреді.
​Енді кешке арналған фильмді немесе демалыс күндеріне арналған сериалды табу одан сайын оңай бола түсті.

almaTV онлайн-кинотеатын ашып, бүгіннен бастап көре бастаңыз!​

support chat img
close icon svg
Көмек керек пе?
link icon svgІске қосу
+7 778 021 13 30
headset icon svgҚолдау
+7 701 30 00 501