Құрметті абоненттер!
Сүйікті арнаңыз тұрақты көрсетілсе, оның артындағы техниканы ойлаудың да қажеті жоқ. Дәл осы мақсатпен almaPLUS Қарағандыдағы телевизиялық хабар тарату жабдығын жаңартты.
Телевизиялық сигналды өңдеуге арналған жаңа Sumavision EMR3.0 транскодерлері іске қосылды. Бұған дейін қолданылған Elecard жабдығы пайдаланудан шығарылды.
Жаңарту ЦТВ, АТВ, МКС және MMDS желілеріндегі хабар тарату сапасы мен тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік берді.
Абоненттер үшін бұл сигналдың тұрақты қабылдануы мен телеарналарды күн сайын жайлы көру мүмкіндігін білдіреді.
Сүйікті арналарыңызды қосып, Қарағандыдағы almaPLUS хабар тарату сапасының жаңарғанын бағалаңыз.