Құрметті абоненттер!


almaPLUS Expo ОУ желісін ауқымды жаңғырту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жұмыстар Астана қаласындағы бірқатар тұрғын үйді қамтиды. Мекенжайлардың толық тізімімен  осы жерден ттанысуға болады.

Жаңғырту қосылымның тұрақтылығын, желінің сенімділігін және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Жұмыстар аясында ескірген абоненттік жабдықтар заманауи үлгілерге ауыстырылады.

Абоненттер үшін не өзгереді?

Егер сізде интернет қосылған болса, оның қазіргі жылдамдығы өзгеріссіз қалады. Жабдықты жаңарту қосылымның тұрақтылығын арттыруға және қызмет көрсетудегі үзілістердің ықтималдығын азайтуға бағытталған.

Егер сіз цифрлық телевизияны пайдалансаңыз, жаңғырту аясында заманауи almaTV OTT платформасына көшесіз.

almaTV онлайн кинотеатры интернет арқылы жұмыс істейді. Оны қолданбаны қолдайтын Smart TV теледидарларында, смартфондар мен планшеттерде пайдалануға болады. Теледидарға қолданбаны орнату мүмкін болмаса, көру үшін IP приставка қажет болуы мүмкін.

Жабдық қалай ауыстырылады?

Жабдықты ауыстыру және техникалық маманның келуі тегін.

Маманның келетін күні мен уақытын алдын ала өзіңізге ыңғайлы етіп келісу қажет. Маман жабдықты ауыстырып, қызметтердің жұмысын сол жерде тексереді. Жабдықты ауыстырудың өзі әдетте шамамен 30 минутқа созылады.

Барлық жұмысты сізге барынша қолайлы етіп ұйымдастыруға және қызмет көрсетудегі ықтимал үзілістерді мейлінше қысқартуға тырысамыз.

Техникалық маманның келу уақытын қалай келісуге болады?

Жабдықты ауыстыру уақытын келісу үшін және жаңғыртуға қатысты сұрақтар бойынша мына нөмірге хабарласыңыз:

+7 702 036 60 53

almaPLUS қызметтерін пайдалануды жалғастырып келе жатқаныңыз үшін рақмет!

Құрметпен,
almaPLUS

support chat img
close icon svg
Көмек керек пе?
link icon svgІске қосу
+7 778 021 13 30
headset icon svgҚолдау
+7 701 30 00 501