Құрметті абоненттер!
almaPLUS хабар тарату желісінде жаңа Sensa World телеарнасының пайда болғанын қуанышпен хабарлаймыз.
Sensa World - қазақ және орыс тілдерінде танымдық-ойын-сауық бағдарламаларын ұсынатын тәулік бойы жұмыс істейтін отандық телеарна. Арна эфирінен түрлі елдер мен халықтардың саяхаты, мәдениеті, табиғаты, салт-дәстүрлері туралы қызықты бағдарламаларды, сондай-ақ әлемдік деңгейдегі гастрономиялық жаңалықтарды тамашалай аласыздар.
Қарбалас күннен кейін жайлы демалысты қалайтындар үшін кешкі эфирде ерекше медитативті және релакс бағдарламалар қарастырылған. Олар үйіңізде жылылық пен үйлесімділік атмосферасын қалыптастыруға көмектеседі.
Егер сұрақтарыңыз туындаса, almaPLUS қолдау қызметіне мына телефон нөмірі бойынша хабарласуға болады:
+7 701 3000 501
Біз әрқашан көмектесуге және қосымша ақпарат беруге дайынбыз.
Тамаша уақыт өткізуіңізге тілектеспіз!
Құрметпен, almaPLUS