Құрметті абоненттер!
Соңғы уақытта біздің компаниямыздың немесе бізбен байланысты деген ұйымдардың атынан алаяқтық қоңыраулар көбейіп кетті. Естеріңізге саламыз:
• Біздің қызметкерлер шартты ұзарту туралы қоңырау шалмайды, себебі almaPLUS қызметтеріне қосылғанда мерзімсіз шарт жасалады;
• Барлық қоңыраулар тек ресми байланыс нөмірлерінен жасалады (нөмірлерді alma.plus сайтынан көруге болады);
• Техниктердің қоңырауын әрқашан Байланыс орталығы арқылы тексеруге болады.
Актуалды ақпарат тек ресми парақшаларда жарияланады:
Сайт: alma.plus
Telegram: https://t.me/AlmaTV_bot
Instagram: @alma__tv
Өзіңіздің жеке деректеріңізді ешкімге айтпаңыз. Компания атынан хабарласқан жағдайда, қоңырау шалушының кім екенін анықтап, ақпаратты Контакт-орталықтан нақтылап алыңыз.