Құрметті абоненттер!
Біздің Компанияның немесе бізбен үлестес ұйымдардың атынан үшінші тұлғалар тарапынан жасалатын алаяқтық қоңыраулардың жиілеп кетуіне байланысты келесі жайттарды есіңізге саламыз:
∙ almaPLUS өкілдері ешқашан телефон арқылы банк карталарының деректерін, CVV-кодтарды, PIN-кодтарды және құпия сөздерді сұрамайды;
∙ хабарламаларда немесе мессенджерлерде алынған күмәнді сілтемелерге өтудің қажеті жоқ;
∙ компания қызметтеріне қатысты кез келген ақпаратты тек almaPLUS ресми байланыс арналары арқылы нақтылау ұсынылады (сайт: alma.plus telegram: https://t.me/AlmaTV_bot Instagram: @alma__plus).
Ресми байланыс телефондары:
+7 771 300 05 02
+7 702 300 05 01
+7 701 300 05 01
+7 700 300 05 01
+7 (727) 300 05 01
Өтініш, мұқият болыңыз және дербес деректеріңізді бөгде тұлғаларға бермеңіз. Біздің Компанияның атынан қоңырау шалынған жағдайда, хабарласып тұрған адамның лауазымы мен тегін міндетті түрде нақтылаңыз, сонымен қатар оның Компанияда жұмыс істейтінін Байланыс орталығы арқылы тексеретініңізді ескертіңіз.