​Құрметті абоненттер!​
​


Соңғы уақытта өздерін almaPLUS компаниясының немесе серіктес ұйымдардың қызметкерлері ретінде таныстырып, алаяқтық мақсатта қоңырау шалатындар көбейді.

Алаяқтар «келісімшарттың мерзімін ұзарту» қажеттігін айтып, қызметтерді өшіреміз деп қорқытуы және осыны сылтауратып, құпия деректеріңізді сұрауы мүмкін.

Естеріңізге саламыз:
* almaPLUS өкілдері телефон арқылы ешқашан банк карталарының дерегін, CVV/CVC кодтарын, PIN кодтарын және құпиясөздерді сұрамайды.
* Келісімшарттың мерзімін телефон арқылы ұзарту қажет емес. Егер сізді «келісімшарттың мерзімін шұғыл ұзарту» қажеттігіне сендіруге тырысса, қоңырау шалушының нұсқауларын орындамаңыз.
* Қоңырау шалушыларға SMS хабарламалар мен push-хабарландырулар арқылы келген кодтарды, соның ішінде қосымшаға немесе жеке кабинетке кіруге арналған кодтарды айтпаңыз.
* Хабарламалар мен мессенджерлер арқылы келген күмәнді сілтемелерге өтпеңіз, сондай-ақ бейтаныс адамдардың өтініші бойынша қосымша орнатпаңыз.

Күмәнді қоңырауды қалай тексеруге болады?
1. Қоңырау шалушының аты-жөнін, лауазымын және хабарласу себебін сұраңыз. Алайда бұл мәліметтердің өзі сізге шынымен компания қызметкері хабарласқанын растамайды.
2. Сөйлесуді аяқтап, компанияның ресми сайтында немесе төменде көрсетілген нөмірлердің бірі арқылы almaPLUS байланыс орталығына өзіңіз қоңырау шалыңыз. Қоңырау шалушы айтқан телефон нөмірлері мен сілтемелерді пайдаланбаңыз.
3. Операторға қоңыраудың уақытын, сізге хабарласқан телефон нөмірін және қоңыраудың мән-жайын айтыңыз. Сізге берілген ақпаратты тексеруді сұраңыз. Егер техник маманның келуі туралы айтылса, өтінімнің тіркелгенін және маманның келуі келісілгенін нақтылаңыз.

Сондай-ақ almaPLUS superAPP қосымшасы арқылы қолдау қызметіне хабарласуға болады. Ол үшін экранның төменгі жағындағы «Помощь» бөлімін, содан кейін «Начать чат» батырмасын таңдаңыз.

Келісімшарттың мәртебесі мен теңгерімді қалай тексеруге болады?
* almaPLUS superAPP қосымшасында. Келісімшарт жасасу кезінде көрсетілген телефон нөмірі арқылы жүйеге кіріп, келісімшартыңызға қатысты ақпаратты: теңгерімді, қолданыстағы тарифті және келісімшарттың мәртебесін тексеріңіз.
* Жеке кабинетте. alma.plus сайтына кіріп, жеке кабинетіңізді ашыңыз. Онда келісімшарт, шоттың жай-күйі және қосылған қызметтер туралы мәлімет қолжетімді.
* Байланыс орталығы арқылы. Ресми нөмірге қоңырау шалып, келісімшарттың мәртебесі мен теңгерімді нақтылаңыз. Ол үшін келісімшарт нөмірін алдын ала дайындаңыз.

Егер сізге берешек, қызметтердің бұғатталуы немесе төлем жасау қажеттігі туралы хабарланса, алдымен осы ақпаратты жоғарыда аталған тәсілдердің бірімен тексеріңіз.

almaPLUS байланыс орталығының ресми телефон нөмірлері:
+7 771 300 05 02
+7 702 300 05 01
+7 701 300 05 01
+7 700 300 05 01
+7 (727) 300 05 01
Бұл нөмірлер компанияның ресми ақпараттық ресурсында да жарияланған.

Ресми байланыс арналары:
Қосымша: almaPLUSsuperAPP
Сайт: alma.plus
Telegram: @AlmaTV_bot
Instagram: @alma__plus
Сақболыңыздар, жекедеректеріңіздіқорғаңыздаржәнеақпаратты almaPLUS компаниясыныңресмибайланысарналарыарқылытексеріңіздер.

support chat img
close icon svg
Көмек керек пе?
link icon svgІске қосу
+7 778 021 13 30
headset icon svgҚолдау
+7 701 30 00 501