Сіздерге 2024 жылғы 5 қараша күні сағат 03:00-ден 07:00-ге дейін жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймыз. Осы уақыт аралығында “Интернет”, “Alma TV онлайн-кинотеатры” және “AlmaHome” қызметтері уақытша қолжетімсіз болады. Сондай-ақ, корпоративтік клиенттер үшін интернет-каналдарда үзілістер болуы мүмкін.
Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз. Бұл жұмыстар барлық абоненттерімізге байланыс сапасын жақсарту және мүмкіндіктерді кеңейту үшін қажет.
Жаңалықтарымызды қадағалап, almaPLUS-пен байланыста болыңыз!
Құрметпен,
almaPLUS командасы