Құрметті абоненттер!
Сіздерге 2024 жылғы 24 қарашада сағат 03:00-ден 07:00-ге дейін жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймыз.
Осыған байланысты “Интернет”, “Alma TV онлайн-кинотеатры” және “AlmaHome” қызметтері уақытша қолжетімсіз болады. Бұл жұмыстар байланыс сапасын жақсарту және барлық абоненттеріміз үшін мүмкіндіктерді кеңейту мақсатында жүргізіліп жатыр.
Мүмкін болатын қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністікпен қарағандарыңыз үшін алғыс айтамыз.
Құрметпен,
almaPLUS командасы