Құрметті абоненттер!
2026 жылғы 14 шілдеден бастап almaTV онлайн-кинотеатрында спорт сүйер қауымға арналған танымал спорттық телеарналарды біріктіретін жаңа «Спортивный Lite» тақырыптық пакеті қолжетімді болады.
Жаңа пакет құрамына келесі телеарналар кіреді:
· QAZSPORT;
· KHL Prime;
· Q Arena;
· Viju+ Sport;
· Удар;
· ММА.
Пакет іске қосылған күннен бастап QAZSPORT телеарнасы осы пакеттің құрамында ұсынылады және бұдан былай тегін арналар топтамасына кірмейтінін назарларыңызға саламыз.
Тақырыптық пакетті онлайн-кинотеатрдың жеке кабинетінде немесе қолдау қызметі арқылы қоса аласыз.
Бізді таңдағандарыңыз үшін алғыс білдіреміз және қызықты көрілім тілейміз!
Жаңалықта пайдаланылған мәтіндік және графикалық материалдар almaPLUS компаниясының зияткерлік меншігі болып табылады.