Құрметті абоненттер!
Қуана хабарлаймыз – almaTV Қазақстандағы AI-іздеу және AI-ұсынымдары бар алғашқы онлайн-кинотеатрға айналды.
Демек, енді сіз өзіңізге ыңғайлы ақылды жинақтар мен ұсынымдар ала аласыз.
Не жаңалық?
AI-іздеу — бұл іздеуді әлдеқайда ыңғайлы ететін жасанды интеллект.
AI-іздеу тек атауы бойынша емес, сонымен қатар сұраныстың мағынасына және сіздің талғамыңызға сәйкес фильмдер мен сериалдарды іздейді.
Мысал: almaTV қосымшасында іздеуді ашып, тақырыпты немесе фильмнің сипаттамасын енгізіңіз. Мысалы: «достық туралы фильм» немесе «мектеп жайлы комедия». Қызмет өзі сәйкес нәтижелерді ұсынады.
Нұсқау: AI-іздеу 3+ сөз немесе 10+ таңба енгізілген кезде автоматты түрде іске қосылады.
AI-ұсынымдар — бұл сіздің қызығушылықтарыңызға, көру тарихыңызға және «Менің» бөліміндегі таңдаулыларға сүйене отырып, фильмдер мен сериалдарды автоматты түрде таңдайды.
Басты бетте жаңа жеке коллекциялар пайда болды:
• «Сізге арналған фильмдер мен сериалдар»– сіздің талғамыңызға және көру тарихыңызға негізделген жеке лента. Мұнда сізге ұнауы мүмкін ең жақсы фильмдер мен сериалдар жинақталған;
• «Себебі сіз көрдіңіз» – көңіл-күйіңізді жалғастырып, келесі не көру керегін таңдауға көмектесетін ұсынымдар;
• «Менікі бөлімінен сізге ұнайтын» – «Менікі» бөліміндегі таңдаулыларды талдап, ұқсас контентті ұсынады. Бұл бөлім үнемі жаңарып отырады, сондықтан әрдайым жаңа ұсыныстар болады.
Жаңа мүмкіндіктер сізді almaTV қосымшасында күтуде.
Қазір байқап көріңіз!
Сұрақтарыңыз бар ма? Біз әрқашан байланыстамыз:
Телефон: +7 701 3000 501
Telegram: https://t.me/AlmaTV_bot
Материалдарды басқа ресурстарда жариялау тек alma.plus сайтына белсенді сілтеме болған жағдайда рұқсат етіледі.
Мәтіндік және графикалық деректер almaPLUS компаниясының зияткерлік меншігі болып табылады