Оның басты функциясы – барлық қажетті және өзекті ақпаратты дереу ұсыну арқылы абоненттердің өмірін жеңілдету.
Қазан айында робот Қазақстанның Павлодар, Орал, Қостанай сияқты бірнеше қаласында тестілік режимде іске қосылып, ал бүгінде ALMAT тұтастай Республика бойынша абоненттен ақпарат қабылдау көзі ретінде әрекет етеді.
Қазіргі уақытта робот:
• Абонентті кіріс қоңырауының нөмірі, шарттың нөмірі, ЖСН бойынша тауып және тани алады.
• Абонентте орнатылған тарифтік жоспарды, оның құнын біледі және тіпті теңгерім сомасы мен соңғы төлем туралы ақпаратты тексеріп, хабарлай алады.
• Келісімшарттың ағымдағы мәртебесін тексере алады.
• Диалогтарға баға беріп, компанияға жүгіну себептерін біле алады.
Робот мүмкіндіктерінің мұнымен бітпейтініне сенімдіміз, өйткені біз ALMATты үнемі жетілдіріп отырамыз!