loading gif
Интернет

Біз сізге барлығын айтып берейік!

Қызмет түрін таңдаңыз:
Заңды тұлғалар үшін

Теледидар

Спутниковое тв
Цифровое тв
Онлайн-кионтеатр

Кез келген тарифке
қосымша топтама

Серіктестің сауалнамасы

loading gif

Қамту картасы

Қамту картасы

Көмек (FAQ)

mobile menu svg
mobile menu svg
search icon
search icon
  • Серіктестік
  • Интернет

РазвернутьИнтернетті қалай іске қосуға болады?

Интернетті іске қосу үшін өтінім қалдырыңыз.

РазвернутьБасқа мекенжайға көшкен уақытта шартты қалай қайта ресімдеуге болады?

Көшу туралы өтініш жазыңыз және өзіңіздің жаңа мекенжайыңызды көрсетіңіз. Өтінішті компанияның сауда офисіне қалдыра аласыз немесе байланыс орталығының мамандарына жүгініңіз.

РазвернутьПарақша неге көрінбейді немесе не үшін интернет істемейді?

Парақша көптеген себептер бойынша көрінбеуі мүмкін. Алдымен, модемнің жұмыс істеп немесе істемей тұрғанын тексеріңіз. Егер жұмыс істеп тұрса, басқа сайттарды қосып көріңіз. Егер олар оңай ашылып тұрса, онда проблема сайт орналасқан серверде болып тұр. Егер басқа интернет-ресурстарды іске қосу мүмкін болмаса, онда сайтта өтінім қалдырыңыз немесе байланыс орталығының мамандарына жүгініңіз:

РазвернутьСізде Wi-Fi-роутерлер бар ма?

Иә, әрине. Іске қосу кезінде біз Сізге таңдауыңызға қарай бізде бар үлгілерді ұсынатын боламыз. Егер Сіздің өзіңіздің роутеріңіз болатын болса, Сіз оны біздің модемге қоса аласыз.

РазвернутьИнтернетті қалай іске қосады, жаңа кабель тарта ма немесе ТВ қолданатын кабельді қолдана ма?

Барлығы Сіздің мекенжайыңыз бойынша қолжетімді болатын іске қосу технологиясына байланысты, бұл коаксиалды кабель немесе оптикалық не желілік кабель (Ethernet-желілерге арналған өрілген жұп) болуы мүмкін. Компания техниктері Сіздің келісіміңіз бойынша алдын ала тартылып қойған кабельді пайдалануы мүмкін, қажет болған кезде оны жаңасына ауыстырады.

РазвернутьИнтернет қызметін жеке секторда қосуға бола ма?

Интернетті жеке секторда іске қосуға болады, бірақ әзірге өкінішке орай барлық өңірде қосу мүмкін емес. Компания аталған мәселені шешу үшін жұмыс істеуде. Сіздің ауданыңызда Интернетті іске қосуға техникалық мүмкіндіктің болуы туралы байланыс орталығының мамандарынан біліңіз:

РазвернутьЖылдамдықты қалай өлшеуге болады?

Жылдамдықты www.speedtest.net сайтынан өлшей аласыз

РазвернутьМен жалға алушы (пәтер жалдаушы) болсам, қосыла аламын бар, ол үшін не қажет?

Әрине, болады! Ол үшін қосылуға өтінім берсеңіз жеткілікті.

РазвернутьМені қызметтен ажыратып тастады, оның себебі неде?

Шоттағы қаражаттың жеткіліксіздігінен болуы мүмкін. Өтініш, теңгерімді тексеріңіз. Оны бірнеше тәсілмен тексеруге болады:

  • Абоненттің Жеке кабинетінде байланыс орталығына қоңырау соғыңыз және дауыстық мәзірдің нұсқауларын орындаңыз (шарттың нөмірін білу керек);
  • QIWI, Касса 24, Киберплат терминалдарынан Alma+ қызметтері үшін төлемді таңдаңыз және шарттың нөмірін енгізіңіз;
  • Halyk Bank және Kaspi Bank интернет-банкингінің көмегімен, төлем жасау үшін талап етілетін ақпаратты енгізу арқылы;

РазвернутьШарт жасалғаннан кейін интернет қызметтеріне қосу қандай мерзімде жүргізіледі?

Іске қосу жұмыс күні сағат 09:00-ден бастап 18:00-ге дейін жүргізіледі. Сіз монтаждау бригадасының келетін күні мен уақытын алдын ала келісе аласыз.

РазвернутьҚызметтер көрсетуді қалай уақытша тоқтата тұруға болады?

Қызметтерді тоқтата тұру кезеңін көрсете отырып almaPLUS сауда офистеріне тиісті өтініш қалдырыңыз немесе байланыс орталығының мамандарына жүгініңіз:

РазвернутьИнтернеттің бір тарифінен екіншісіне қайта қосу үшін ақы алына ма?

Тариф ауыстыру тегін.

РазвернутьЖеңілдіктер бар ма?

24 айға алдын ала төлем енгізіңіз және 24% пайыз жеңілдікке ие болыңыз. Егер Сіз 12 айдан 23 айға дейін алдын ала төлем енгізсеңіз, онда жеңілдіктің мөлшері 12%-ды құрайды, 9 айдан 11 айға дейін енгізсеңіз, онда жеңілдіктің мөлшері 9%-ды құрайды, 6 айдан 8 айға дейін - 6%-ды және 3 айдан 5 айға дейін енгізсеңіз – тиісінше 3%-ды құрайды.

  • Бұдан бөлек, біз төмендегі санаттағы адамдар үшін 20% жеңілдік береміз.
  • ҰОС қатысушылары,
  • еңбек майданының қатысушылары,
  • қоршаудағы Ленинград тұрғындары,
  • фашистік концлагерьлердің тұтқындары,
  • 1 және 2 топтағы мүгедектерге теңестірілген тұлғалар,
  • бала күнінен мүгедектер.

РазвернутьШартымның нөмірін қалай білсем болады?

Шарттың нөмірін білу үшін Шарттың нөмірін білу сілтемесі бойынша өтіңіз

РазвернутьШартта қай жерде жасауға болады?

Шартты мына жерлерде жасауға болады:

  • almaPLUS сауда офистерінде
  • Сіздің ауданыңыздың сауда өкілінен (телефон нөмірі жарнама хабарландыруларында көрсетілген)
  • немесе байланыс орталығының мамандарына жүгініңіз:
  • Байланыстарбөліміндегі телефон арқылы

РазвернутьТелеарналарды күйге келтіруді қалай жүргізуге болады?

Телеарналарды күйге келтіру жабдықтың (приставка/сам-модуль) нұсқаулығына сәйкес жүргізіледі. Нұсқаулықты сіз осы беттің төменгі жағынан таба аласыз.

РазвернутьСпутниктік телевидениені қалай іске қосуға болады?

Спутниктік телевидениені іске қосу үшін өтінім қалдырыңыз.

РазвернутьМендегі арналар жоғалып кетті/сапа нашар, шеберді шақыру үшін қалай өтінім беруіме болады?

Барлық байланыстың қосылған-қосылмағанын, кабельдің ажырап кетпеуін, жабдықтың қосылып тұруын тексеріңіз. Қуат көзінен ажырату арқылы приставканы өшіріп-қосып көріңіз. Арналар әлі де көрсетпей тұрса, шеберді шақыруға өтінім беру үшін байланыс орталығының мамандарына жүгініңіз:

РазвернутьСпутниктік телевидениені іске қосу үшін арнайы жабдық қажет пе?

Иә, спутниктік антенна мен цифрлық приставка орнату қажет. Сіздің теледидарыңызда ол үшін арнайы ажыратқыш болатын жағдайда және DVB-S хабар тарату форматы орнатылған болса, приставканың орнына САМ-модульді пайдалануға болады.

РазвернутьСпутниктік телевидениені іске қосу қалай жүргізіледі?

Біздің бригадамыз Сізбен келісілген уақытта шатырға немесе ғимараттың қасбетіне конвертермен бірге антенна орнатады. Конвертерден приставкаға немесе САМ-модульге кабель тартылады. Содан кейін жабдық күйге келтіріледі.

РазвернутьСпутниктік телевидение қызметтері үшін жеңілдіктер бар ма?

24 айға алдын ала төлем енгізіңіз және 24% пайыз жеңілдікке ие болыңыз. Егер Сіз 12 айдан 23 айға дейін алдын ала төлем енгізсеңіз, онда жеңілдіктің мөлшері 12%-ды құрайды, 9 айдан 11 айға дейін енгізсеңіз, онда жеңілдіктің мөлшері 9%-ды құрайды, 6 айдан 8 айға дейін - 6%-ды және 3 айдан 5 айға дейін енгізсеңіз – тиісінше 3%-ды құрайды.

Бұдан бөлек, біз төмендегі санаттағы адамдар үшін 20% жеңілдік береміз.

  • ҰОС қатысушылары,
  • еңбек майданының қатысушылары,
  • қоршаудағы Ленинград тұрғындары,
  • фашистік концлагерьлердің тұтқындары,
  • 1 және 2 топтағы мүгедектерге теңестірілген тұлғалар,
  • бала күнінен мүгедектер.

РазвернутьҚосымша нүктені қалай қосуға болады?

Байланыс орталығының мамандарына жүгіну арқылы қосымша нүктені іске қосу туралы өтінім қалдырыңыз:

Сізге спутниктік антеннасыз жабдық жиынтығының құнын төлеп сатып алу қажет және таңдалған топтаманың абоненттік төлемінен ай сайын 50% төлеп отыру керек.

РазвернутьШартымның нөмірін қалай білсем болады?

Шарттың нөмірін білу үшін Шарттың нөмірін білу сілтемесі бойынша өтіңіз.

РазвернутьМен жалға алушы (пәтер жалдаушы) болсам, қосыла аламын бар, ол үшін не қажет?

Әрине қосыла аласыз! Ол үшін іске қосу туралы өтінім беру, жабдық жиынтығының құнын төлеп сатып алу және таңдалған топтаманың абоненттік құнының 50%-ын төлеу қажет.

РазвернутьБір тарифтен екіншісіне қайта қосу үшін ақы алына ма?

Тариф ауыстыру тегін.

РазвернутьӨтінім бергеннен кейін қанша уақыттан кейін қызметтерге қосылуға болады?

Өтінім берілген уақытта біз қызметті іске қосу үшін Сізге ыңғайлы уақытты анықтап береміз.

РазвернутьШартты қай жерде жасауға болады?

Шартты:

  • almaPLUS сауда офистерінде
  • Сіздің өңіріңіздегі ресми дилерлерден жасауға болады.

Немесе байланыс орталығының мамандарына жүгініңіз:

РазвернутьБасқа мекенжайға көшкен уақытта шартты қалай қайта ресімдеуге болады?

Көшу туралы өтініш жазыңыз және өзіңіздің жаңа мекенжайыңызды көрсетіңіз. Өтінішті сайтта өтінім қалдырыңыз , almaPLUS сауда офисінде қалдыра аласыз немесе байланыс орталығының мамандарына жүгініңіз.

РазвернутьӨз шартыңнан басқа шотқа қате төленген ақшаны қалай аударуға болады?

Қате төленген соманы аудару туралы өтініш жазу және төлемнің жасалғаны туралы түбіртекті ұсыну қажет.

РазвернутьТелевидениені қалай іске қосуға болады?

Кабельді телевидениені іске қосу үшін өтінім қалдырыңыз.

РазвернутьБасқа мекенжайға көшкен уақытта шартты қалай қайта ресімдеуге болады?

Көшу туралы өтініш жазыңыз және өзіңіздің жаңа мекенжайыңызды көрсетіңіз. Өтінішті сайтта (өтіңіз) онлайн, almaPLUS сауда офисінде қалдыра аласыз немесе байланыс орталығының мамандарына жүгініңіз.

РазвернутьТелеарналарды күйге келтіруді қалай жүргізуге болады?

Телеарналарды күйге келтіру жабдықтың (теледидар, приставка/сам-модуль) нұсқаулығына сәйкес жүргізіледі. Нұсқаулықты сіз осы беттің төменгі жағынан таба аласыз.

РазвернутьМендегі арналар жоғалып кетті/сапа нашар, шеберді шақыру үшін қалай өтінім беруіме болады?

Барлық байланыстың қосылған-қосылмағанын, кабельдің ажырап кетпеуін, жабдықтың қосылып тұруын тексеріңіз. Арналар әлі де көрсетпей тұрса, Жөндеу жүргізу туралы өтінім бөлімінде өтінім қалдырыңыз немесе байланыс орталығының мамандарына жүгініңіз:

РазвернутьҚызметтер көрсетуді қалай уақытша тоқтата тұруға болады?

Қызметтерді тоқтата тұру кезеңін көрсете отырып almaPLUS сауда офистеріне тиісті өтініш қалдырыңыз немесе байланыс орталығының мамандарына жүгініңіз:

РазвернутьМені қызметтен ажыратып тастады, оның себебі неде?

Шоттағы қаражаттың жеткіліксіздігінен болуы мүмкін. Өтініш, теңгерімді тексеріңіз. Оны бірнеше тәсілмен тексеруге болады:

  • Абоненттің Жеке кабинетінде
  • байланыс орталығына қоңырау соғыңыз және дауыстық мәзірдің нұсқауларын орындаңыз (шарттың нөмірін білу керек);
  • QIWI, Касса 24, Киберплат терминалдарынан almaPLUS қызметтері үшін төлемді таңдаңыз және шарттың нөмірін енгізіңіз;
  • Halyk Bank және Kaspi Bank интернет-банкингінің көмегімен, төлем жасау үшін талап етілетін ақпаратты енгізу арқылы;

РазвернутьНе үшін абоненттерге тұтастай арналар топтамаларын ұсынады? Тек сол арналарға төлем жасауым үшін мен тізімнен өзіме ұнайтын бір немесе екі-үш арнаны таңдай аламын ба?

Техникалық себептерге байланысты қазір абоненттердің қалауы бойынша топтамалар құруға мүмкіндік жоқ. Біз осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз және болашақта бұл қызмет қолжетімді болуы мүмкін.

РазвернутьЖеңілдіктер бар ма?

24 айға алдын ала төлем енгізіңіз және 24% пайыз жеңілдікке ие болыңыз. Егер Сіз 12 айдан 23 айға дейін алдын ала төлем енгізсеңіз, онда жеңілдіктің мөлшері 12%-ды құрайды, 9 айдан 11 айға дейін енгізсеңіз, онда жеңілдіктің мөлшері 9%-ды құрайды, 6 айдан 8 айға дейін - 6%-ды және 3 айдан 5 айға дейін енгізсеңіз – тиісінше 3%-ды құрайды.

Бұдан бөлек, біз төмендегі санаттағы адамдар үшін негізгі нүктеге 20% жеңілдік береміз.

  • ҰОС қатысушылары,
  • еңбек майданының қатысушылары, қоршаудағы
  • Ленинград тұрғындары,
  • фашистік концлагерьлердің тұтқындары,
  • 1 және 2 топтағы мүгедектерге теңестірілген тұлғалар,
  • бала күнінен мүгедектер.

РазвернутьҚосымша нүктені қалай қосуға болады?

almaPLUS сауда офистерінде қосымша нүктені іске қосу туралы өтінім қалдырыңыз немесе байланыс орталығының мамандарына жүгініңіз:

РазвернутьМен жалға алушы (пәтер жалдаушы) болсам, қосыла аламын бар, ол үшін не қажет?

Әрине қосыла аласыз! Ол үшін іске қосу туралы өтінім беру және жабдық үшін кепіл құнын төлеу қажет.

РазвернутьБір тарифтен екіншісіне қайта қосу үшін ақы алына ма?

Тариф ауыстыру тегін.

Развернуть«Просто TV» топтамасындағы арналар тәртібін қалай өзгертуге болады?

Арналарды «Іздеу» мәзіріндегі «Қолмен күйге келтіру» режимінде немесе «Іріктеулер» режимінде.

РазвернутьМен баланың бөлмесіндегі теледидарда тек танымдық және балаларға арналған арналарды қалдыра аламын ба? Белгілі бір арнаға қалай код орнатып тастауға болады?

Set-Top Box цифрлық қабылдағышындағы немесе теледидардағы «Ата-ана бақылауы» функциясын қолданыңыз. Қызметті іске қосу кезінде техникалық бригада мамандарынан белгілі бір арналарды күйге келтірмеуді өтініңіз.

РазвернутьШартымның нөмірін қалай білсем болады?

Шарттың нөмірін білу үшін Шарттың нөмірін білу сілтемесі бойынша өтіңіз

РазвернутьШарт жасалғаннан кейін қызметтерге қосу қандай мерзімде жүргізіледі?

Іске қосу жұмыс күні сағат 09:00-ден бастап 18:00-ге дейін жүргізіледі. Сіз монтаждау бригадасының келетін күні мен уақытын алдын ала келісе аласыз.

РазвернутьШартты қай жерде жасауға болады?

Шартты мына жерлерде жасауға болады:

  • almaPLUS сауда офистерінде
  • Сіздің ауданыңыздың сауда өкілінен (телефон нөмірі жарнама хабарландыруларында көрсетілген)

Немесе байланыс орталығының мамандарына жүгініңіз:

  • Байланыстар бөліміндегі телефон арқылы
  • Telegram-да
  • almaPLUS компаниясының Facebook, VK, Twitter және Instagram желісіндегі ресми парақшаларында

РазвернутьӨз шартыңнан басқа шотқа қате төленген ақшаны қалай аударуға болады?

Соманы аудару туралы өтініш жазыңыз және төлемнің жасалғаны туралы түбіртекті ұсыныңыз.

РазвернутьНеліктен көптеген баспа басылымдарында кабельді телевидениенің барлық арналарының бағдарламасын жарияламайды?

Газеттер мен журналдардың редакциялары өздерінің бағдарламаларында жариялау үшін арналар тізімін дербес түрде таңдайды.

РазвернутьАрналар топтамасын қалай іске қосуға болады?

Интернет ТВ сайтында тіркеуден өтіңіз.

  • «Іске қосу» батырмасын басыңыз және сауалнаманы толтырыңыз.
  • Тіркелгеннен кейін сіздің поштаңызға және ұялы телефон нөміріңізге логин мен құпиясөз келеді.
  • Енді сіз қызметті пайдалана аласыз.

РазвернутьalmaTV қолданбасы қандай платформаларда жұмыс істейді?

Интернет ТВ барлық танымал платформаларда жұмыс істейді: Web, iOS, Android, Smart TV және STB.

РазвернутьҚолданбаға кірген уақытта неліктен кейбір арналар жабық болады?

Сіздің топтамаңызға кірмейтін арналар осылай белгіленген. Басқа топтамаларды almaPLUS жеке кабинетінен іске қоса аласыз.

РазвернутьӨз құрылғымның маркетінен almaTV қолданбасын таба алмай жатырмын, не істесем болады?

Іздеуге арналған сұратуды өзгертіп көріңіз. «alma TV» немесе «алма тв» сөздері арқылы іздеңіз. Сіздің құрылғыңызда alma TV қолданбасы орнатылмаған.

РазвернутьАккаунтты қалай қалпына келтіруге болады?

«Құпиясөзді ұмытып қалдыңыз ба?» батырмасын пайдаланыңыз және алдағы нұсқауларды орындаңыз.

РазвернутьHD-арналар көру үшін қолжетімді бола ма?

Интернет ТВ-де HD сапасындағы 30 арна қолжетімді. HD арналардың саны таңдалған топтамаға байланысты болады.

РазвернутьҚолданбаның жұмысында қателік орын алдында, не істеу керек?

Құрылғыны өшіріп-қосыңыз. Қолданбаға арналған жаңартулардың бар екенін тексеріңіз. Егер alma TV қолданбасы тағы да қателік туралы хабарласа, онда helptvbox@almatv.kz қолдау көрсету қызметіне жүгініңіз

РазвернутьШартымның нөмірін қалай білсем болады?

Шарттың нөмірін білу үшін Шарттың нөмірін білу сілтемесі бойынша өтіңіз

РазвернутьБағдарлама басталып кетіп, ал мен оған үлгермей қалсам немесе оны соңына дейін көре алмайтын болсам қайтсем болады?

Бағдарламаны таңдаңыз және оны басынан бастап қосыңыз немесе қажетті эпизодқа айналдырыңыз. Сіз кез келген уақытта эфирді кідіртіп қойып, кейінірек көре аласыз.

РазвернутьБірден бірнеше бағдарламаны көруді кейінге қалдыруға бола ма?

almaTV қолданбасы кейінге қалдырылған соңғы 5 бағдарламаны еске сақтайды. Олардың кез келгеніне қайта оралу үшін қажетті арнаға өтіңіз және кейінге қалдырылған бағдарламаны таңдаңыз. Ол мынадай екі белгімен белгіленеді: «Басынан бастап көру» және «Көруді бастау». Кейінге қалдырылған соңғы бағдарламаға қайта оралу үшін қажетті арнаны таңдаңыз және үстіңгі панельдегі оның атының жанындағы «Көруді бастау» дегенді басыңыз.

РазвернутьБағдарламаны көруді сол жерінен бастап басқа құрылғыдан жалғастыруға бола ма?

Иә, болады. Ол үшін «Бейнені басқа экранға жіберу» батырмасы қарастырылған.

РазвернутьalmaTV қолданбасы бағдарлама туралы еске сала ала ма?

almaTV қолданбасы сізге маңызды бағдарлама туралы бір күн, бір сағат бұрын немесе дәл басталуының алдында есіңізге салады. Еске салу функциясын күйге келтіру өте оңай: телебағдарламадан бағдарламаны таңдаңыз және еске салу дегенді белгілеңіз («Оятқыш» белгісі).

РазвернутьАрнаны аты немесе мені қызықтыратын тақырып бойынга қалай табуға болады?

Арналар тізімін ашыңыз. Іздеу жолында арнаның атын енгізіңіз немесе қажетті санатты, мысалы «музыка» санатын таңдаңыз. almaTV қолданбасы сізге қажетті арнаны тауып береді және сіз оған пульт арқылы ауысу үшін оның нөмірін көрсетеді.

РазвернутьШоттағы қалдықты қалай тексерсем болады?

Сіз шоттағы қалдықты бірнеше тәсілмен тексере аласыз:

  • Абоненттің Жеке кабинетінде
  • байланыс орталығына қоңырау соғыңыз және дауыстық мәзірдің нұсқауларын орындаңыз (шарттың нөмірін білу керек);
  • QIWI, Касса 24 терминалдарынан almaPLUS қызметтері үшін төлемді таңдаңыз және шарттың нөмірін енгізіңіз;
  • Halyk Bank және Kaspi Bank интернет-банкингінің көмегімен, төлем жасау үшін талап етілетін ақпаратты енгізу арқылы;

РазвернутьҚызметтер үшін қай жерде төлем жасасам болады?

almaPLUS қызметтері үшін төлемді төмендегідей жасаңыз:

  • «Қызметтерді төлеу» бөлімінде
  • жеке кабинет арқылы
  • Жеке кабинетке кіріңіз және «Онлайн төлем» батырмасын басыңыз.
  • Halyk Bank, Bereke Bank және Kaspi Bank интернет-банкингі арқылы;
  • QIWI, Kaссa 24 төлем терминалдары арқылы
  • Alma TV сауда офистерінен
  • екінші деңгейдегі банктердің есеп-кассалық бөлімшелерінде БЕО (Бірыңғай есеп айырысу орталығы) берген түбіртек-шоттар бойынша (мысалы, Алсеко, Астана БЕО, Павлодарэнергосбыт және т.б.)
  • «Қазпошта» бөлімшелерінде

РазвернутьШартымның нөмірін қалай білсем болады?

Шарттың нөмірін білу үшін Шарттың нөмірін білу сілтемесі бойынша өтіңіз

РазвернутьЖеке кабинетте қалай тіркелуге болады?

Жеке кабинетке төмендегідей қол жеткізуге болады:

  • Тіркеу батырмасын пайдалана отырып сайтта немесе almaPLUS мамандарына жүгініңіз
  • сауда офистерінде
  • Байланыстар бөліміндегі телефон бойынша
  • TelegramTelegram-да
  • almaPLUS компаниясының Facebook, VK, Twitter және Instagram желісіндегі ресми парақшаларында

РазвернутьЖеке кабинетке кіре алмай отырмын, не істесем болады?

Логин немесе құпиясөзді дұрыс енгізбесеңіз, жеке кабинетке кіре алмайсыз. Е-mail, телефон нөмірі немесе шарттың нөмірі логин бола алады.

Егер сіз логин немесе құпиясөзді ұмытып қалсаңыз, almaPLUS мамандарына жүгіне аласыз:

РазвернутьЖеке кабинетте не істеуге болады?


  • Сенімді телефонды іске қосуға болады (қазір сізде төлем жасауға мүмкіндік болмаса)
  • Шарттың нөмірін, ағымдағы теңгерімді, ай сайынғы төлемнің мәртебесін, сомасын білуге болады
  • Қаражаттың есептелуі мен есептен шығарылуы туралы толыққанды ақпарат (төлемдеріңіздің, есептелген қаражаттың, қойылған шоттардың тарихы) алуға болады
  • Сіздің шартыңыз бойынша қандай қызметтердің (Қызметтің типі, жабдық, қызмет көрсету мәртебесі, қызметтің мәртебесі) қосылғанымен танысуға болады
  • Бағдарламалар топтамасын/тарифтік жоспарды ауыстыра аласыз (Жаңа топтаманы/тарифтік жоспарды іске қосу)
  • Қызметтерді бұғаттауға немесе бұғаттаудан босатуға (Қызметтерді уақытша кідірте тұру және қызметтер көрсетуді қалпына келтіру) болады

РазвернутьЖеке кабинеттің құпиясөзін қалай қалпына келтіруге болады?

Құпиясөзді төмендегідей бірнеше тәсілмен қалпына келтіруге болады:

РазвернутьҚұпиясөзді қалай өзгертуге болады?

Мәзірдің сол жағынан «Құпиясөз» бөлімін таңдаңыз

  • Ағымдағы құпиясөзді енгізіңіз
  • Жаңа құпиясөзді енгізіңіз
  • Растау үшін жаңа құпиясөзді қайталаңыз
  • «Қолдану» дегенді басыңыз

РазвернутьЖеке кабинетті сенімді төлемді қалай алуға болады?

«Қаржы» бөліміне кіріңіз және «Сенімді төлемдер» дегенді таңдаңыз. «Төлем алу» дегенді басыңыз.

Сенімді төлем үш күнге қосылады. Осы уақыт ішінде сізге қызметтер үшін төлем жасауға кеңес береміз.

РазвернутьЖабдықта уақыт белдеуін қалай өзгертуге болады?

Нұсқауларға сәйкес құрылғының параметрлерінде уақыт белдеуін қолмен өзгертіңіз

РазвернутьМен не үшін ақша аламын?

Өнімдерімізді ұсынғаным үшін. Сіздің ұсынысыңыз бойынша біз келісімшарт жасайтын әрбір клиент үшін сіз сыйақы аласыз.

РазвернутьМен сіздердің өнімдеріңізді білмеймін. Мен оларды қалай ұсына аламын?

Сіз біздің өнімдеріміз туралы еркін айта алуыңыз үшін біз сізге барлық маркетингтік материалдар мен нұсқаулықтарды береміз.

РазвернутьМен шарт жасалғанға дейін клиентке қолдау көрсетуім керек пе?

Сіздің біздің өнімдерімізді сатуыңыз міндетті емес. Қызығушылық танытқан клиенттермен бізді таныстырсаңыз жеткілікті: онымен шарт жасалған жағдайда сіз де кепілдікті сыйақы аласыз.

РазвернутьБонус бағдарламасы дегеніміз не және ол қалай жұмыс істейді?

Бонус бағдарламасы – almaPLUS абоненттері үшін арнайы әзірленген бастама. Бағдарлама қатысушылары әр ай сайын қызметтерге төлем жасағаны үшін бонустар алады. Жиналған бонустарды қызмет ақысын төлеуге немесе қосымша сервистерді қосуға пайдалануға болады.

РазвернутьБонус бағдарламасына қалай қосылуға болады?

Бонус бағдарламасына қосылу үшін almaPLUS абоненті болу және қызмет ақысын уақтылы төлеу жеткілікті.

РазвернутьБонус мөлшері неге байланысты?

Бонустық ұпайлардың пайыздық мөлшері сіздің келісімшарт лоялдылық статусыңызға байланысты.


Лоялдылық статусы

Бонустар пайызы

Бронза

3%

Күміс

5%

Алтын

7%

Платина

10%

РазвернутьЛоялдылық статусы дегеніміз не?


Лоялдылық статусы абонентке автоматты түрде беріледі және ол келісімшарт мерзімі мен абоненттік төлем сомасына байланысты.

Абоненттік төлем (тг) 

Келісімшарт мерзімі

1 жылға дейін

1 жылдан көп

3 жылдан көп

5 жылдан көп

9 жылдан көп

Бастап

Дейін

-

2 650

Бронза

Бронза

Күміс

Алтын

Алтын

2 650

3 500

Күміс

Күміс

Алтын

Алтын

Алтын

3 500

4 800

Золото

Золото

Платина

Платина

Платина

4 800

6 690

Золото

Платина

Платина

Платина

Платина

6 690

1 000 000

Платина

Платина

Платина

Платина

Платина


Мысалы, егер сіздің абоненттік төлеміңіз 4 750 теңге болса және сіз біздің қызметтерге 1 жылға дейінгі мерзімде қосылған болсаңыз, "Алтын" статусы беріледі.

РазвернутьБонустар қалай есептеледі?

Бонустар уақытылы төлем жасағанда, жабдық сатып алғанда, және жыл сайын келісімшарт тіркелген күні автоматты түрде есептеледі.

РазвернутьЖабдықты сатып алу бонусы қалай жұмыс істейді?

Жабдықты сатып алғанда оның құнының 5% бонусы есептеледі.

Мысалы, 26 690 теңгеге роутер сатып алсаңыз, 1 335 бонус аласыз.

РазвернутьЖыл сайынғы келісімшарт күніне арналған бонус қалай жұмыс істейді?

Жыл сайын келісімшарт тіркелген күні 1 000 бонус беріледі.

РазвернутьБонустарды қандай қызметтерге пайдалануға болады?

Бонустарды келесі қызметтерге жұмсауға болады:

·   Абоненттік төлемді төлеу (тариф құнының 20%-ына дейін)

·   Максималды ТВ пакетін ашу

·   Интернет жылдамдығын арттыру

·   Жабдықты жалға алу немесе сатып алу

·   ТВ-ның тақырыптық пакетін қосу

·   Қосымша ТВ нүктелерін төлеу

РазвернутьАкция арқылы қосылған абоненттерге бонустар есептеле ме?

Акция мерзімі кезінде тұрақты бонустар есептелмейді. Арнайы ұсыныс мерзімі аяқталған соң бонустар қайта есептеле бастайды.

РазвернутьБонустардың санын қалай тексеруге болады?

Личный кабинетке кіріп, бонустарыңызды тексере аласыз: https://cabinet.almatv.kz/login

Немесе байланыс орталығына хабарласыңыз:

+7 701 300 05 01

+7 702 300 05 01

+7 700 300 05 01

+7 (727) 300 05 01

РазвернутьБонустар қанша уақытқа жарамды?

Бонустар 12 ай бойы жарамды. Егер олар қолданылмаса, мерзімі өткен соң жойылады.

РазвернутьБонустарды неге қолдана алмай жатырмын?

Қосымша ұсыныстарды пайдалану бойынша нұсқаулықпен танысыңыз немесе байланыс орталығына хабарласыңыз.

РазвернутьБонустарды басқа абоненттерге аударуға бола ма?

Иә, басқа almaPLUS абонентіне бонустарды аударуға болады. Ол үшін алушының келісімшарт нөмірін білу қажет.

РазвернутьБонустарды ақшаға айырбастауға бола ма?

Жоқ, бонустарды тек almaPLUS қызметтеріне жұмсауға болады, бірақ ақшаға айырбастау мүмкін емес.

РазвернутьНеге бонустарым есептелмеді?


Бұл келесі себептерге байланысты болуы мүмкін:

- төлем өңдеу кезінде қате кеткен
- бонус бағдарламасының шарттары орындалмаған


Бұл мәселені шешу үшін байланыс орталығына хабарласыңыз.

РазвернутьБонус бағдарламасының негізгі шарттары қандай?

Қызмет ақысын уақытылы төлеу

Қарызға байланысты блоктаудың болмауы

РазвернутьБонустар дұрыс есептелмесе не істеу керек?

Егер қате анықтасаңыз, байланыс орталығына хабарласып, төлем күні мен сомасын көрсетіңіз.

Маман тексеріс жүргізіп, қажет болса, түзету енгізеді.

РазвернутьЗейнеткерлер мен мүгедектерге бонустар есептеле ме?

Иә, жеңілдікпен қызмет алатын абоненттерге де бонустар есептеледі.

РазвернутьЕгер келісімшартым бұғатталса, бонустар есептеле ме?

Қызметтер қарызға байланысты бұғатталса, бонустар есептелмейді.

Развернуть«Досыңды шақыр» функциясы қалай жұмыс істейді?

«Досыңды шақыр» функциясы — almaPLUS лояльдік бағдарламасының бір бөлігі.
Сіз танысыңызды біздің қызметтерге қосылуға шақырып, өз шотыңызға бонустар ала аласыз.

РазвернутьДосыңызды қалай шақыруға болады?


a) Жаңа абонент жеке кабинетінде «Досыңды шақыр» опциясында сіздің келісімшарт нөміріңізді еңгізеді.

b) Сіздің жеке кабинетіңіздегі шотыңызға 1 000 бонус есептеледі.

c) Операция сәтті орындалды!

РазвернутьМен бірнеше досымды шақыра аламын ба?

Иә, достар санына шектеу жоқ. Бір келісімшартқа сыйақы тек бір рет беріледі.

РазвернутьКелісімшартым қарыз үшін бұғатталған болса, бонус беріле ме?

Өкінішке орай, жоқ. Бонус тек белсенді келісімшартқа ғана есептеледі.

РазвернутьЖаңа абонент қосылғаннан кейін қанша уақыт бойы шақырылған болып саналады?

Бонус тек белсенді болғанына 14 күннен аспаған келісімшарт үшін есептеледі.

РазвернутьalmaPLUS SuperApp қолдау қызметінің жұмыс кестесі қандай?


Кез келген уақытта көмек алу үшін біздің қолдау қызметіміз 24/7 жұмыс істейді.

РазвернутьalmaPLUS SuperApp қосымшасында қолдау қызметін қалай табамын?

·   Экранның төменгі жағында «Көмек» батырмасын басыңыз.
·   «Сөйлесуді бастау» деп таңдаңыз
Қолдау қызметінің маманы сізбен байланысады.


РазвернутьalmaPLUS SuperApp қосымшасын қалай жүктеп алуға болады

   almaPLUS SuperApp бағдарламасын орнату үшін келесі қадамдарды орындаңыз:
        ·  https://onelink.to/cf8vvz сілтемені басыңыз және құрылғыңызда қосымшалар дүкенінде бет ашылады
   Немесе:
       ·  Телефоныңызда қосымшалар дүкенін ашыңыз
       ·  Іздеу жолында SuperApp almaPLUS (латын әріптерімен) деп теріңіз.
       ·  Құрылғыға қосымшаны орнатыңыз.

РазвернутьalmaPLUS SuperApp қосымшасы арқылы қызметтерге қалай ақы төлеуге болады?


Қосымшаның басты экранында сіздің келісімшартыңыз және тарифтік жоспарыңыз көрсетіледі. Төлем жасау үшін «Төлеу» батырмасын басыңыз және Kaspi.kz арқылы теңгерімді толтырыңыз

РазвернутьalmaPLUS SuperApp орнатқанна кейін авторизациядан қалай өтуге болады?

almaPLUS SuperApp қосымшасын орнатқаннан кейін:
·  almaPLUS SuperApp қосымшасын ашыңыз
·  Оферта шартына қосылу туралы өтініште көрсетілген телефон нөмірін енгізіңіз.
·  Пайдаланушы келісімімен танысыңыз
·  Дербес деректерді өңдеуге келісіміңізді беретініңізді растаңыз
·  3344 нөмірінен бір реттік 6 таңбалы кодпен SMS келуін күтіңіз
·  Алынған кодты тиісті өріске енгізіңіз
·  Қосымшаға жылдам кіру үшін 4 таңбалы PIN-код құрастырыңыз
·  Саусақ ізі немесе бет тану арқылы жылдам кіруді қосыңыз
* Назар аударыңыз: кіру үшін биометрикалық деректерді пайдалану мүмкіндігі құрылғыңыздың моделіне байланысты және телефон параметрлерінде алдын ала бапталуы тиіс.

РазвернутьСаусақ ізі немесе бет тану арқылы жылдам кіруді қалай қосуға болады?

almaPLUS SuperApp қосымшасына ыңғайлы кіру үшін сіз биометриялық жылдам кіруді (саусақ таңбасы немесе бет тану) қоса аласыз
    ·  almaPLUSSuperApp қосымшасында «Баптаулар» бөліміне өтіңіз
    ·  «Құпиялылық» тармағын таңдап, бетті тез тану функциясын қосыңыз.
* Назар аударыңыз: кіру үшін биометрикалық деректерді пайдалану мүмкіндігі құрылғыңыздың моделіне байланысты және телефон параметрлерінде алдын ала бапталуы тиіс.

РазвернутьӨзекті емес шарт көрсетіліп тұр, не істеуім керек?


Шартты дұрыс көрсетілмей тұрған жағдайда мына нөмірлер бойынша байланыс орталығына хабарласуыңызды сұраймыз:
Немесе almaPLUS SuperApp қосымшасының ішіндегі «Көмек» бөлімін пайдалана аласыз

РазвернутьШарт ресімделгеннен кейін телефон нөмірін ауыстыру үшін не істеу керек?


Егер шарт басқа/бұрынғы нөмірге тіркелген болса, мынадай әрекеттерді орындаңыз:
·   Ағымдағы телефон нөміріңізбен қосымшаға кіріңіз.
·   Қосымша ішіндегі қолдау чатына хабарласыңыз.
·   Қолдау чатында өзіңіздің жеке басыңызды растаңыз
·   Оператормен нөмірін ауыстыру рәсімі жайлы әңгімелесу аяқталғаннан кейін 5 минут күте тұрыңыз.
·   Қосымшаға қайта кіріңіз.
Қайта авторизациялаудан кейін шарт дұрыс көрсетіледі.

РазвернутьШартымның нөмірін қалай білемін?


Шарттың нөмірін білу үшін, мына сілтеме бойынша өтіңіз Шарттың нөмірін білу (https://alma.plus/#contract_number)

РазвернутьalmaPLUS SuperApp қосымшасының тілін қалай ауыстыруға болады?

       

Интерфейс тілін ауыстыру үшін:
·  Қосымшаның мәзірін ашыңыз.
·   «Баптаулар» бөліміне өтіңіз.
·   «Тіл» тармағын таңдаңыз.
·   Таңдаулы тілді таңдаңыз: орыс немесе қазақ.
Өзгертулер тілді таңдағаннан кейін бірден қолданылады.

РазвернутьalmaPLUS SuperApp қосымшасында жаңа шартқа ЭЦҚ арқылы қалай қол қоюға болады?

       Біздің мобильді қосымшамызда ЭЦҚ көмегімен жаңа шартқа қол қою кезінде құжаттарға тез және қауіпсіз қол қою үшін келесі қадамдарды орындаңыз:

·   Өтінімді рәсімдегеннен кейін сізге PUSH хабарлама келеді. almaPLUS SuperApp қосымшасын автоматты түрде ашу үшін оны басыңыз. Қол қою процесі автоматты түрде іске қосылады. Егер сіз қосымшада болсаңыз, процесс қалқымалы терезеде (pop-up) автоматты түрде ашылады
·   Қол қою процесіне көшкеннен кейін телефон нөміріне 1414-тен 6 таңбалы коды бар SMS келеді. Алынған кодты тиісті өріске енгізіп, «жіберу» батырмасын басыңыз
·   Экранда қызметтерді қосу шарты ашылады. Шарттың мазмұнымен танысыңыз
·   Екінші бетте шартпен танысқаннан кейін «қол қою» батырмасын басыңыз
·   Жалғастыру үшін өзіңіздің цифрлық құжатыңызға қол жеткізуге, сондай-ақ дербес деректерді жинауға және сақтауға келісім жолағына белгі қою қажет
·   Жүйе сіздің биометрияңызды өңдеуді бастайды. Экранды жаппаңыз және жүктеуді күтіңіз. Процестің сәтті өтуі үшін бетті осы сәтте жаңартпаңыз және қосымшаны жаппаңыз
·   Экранда SMS енгізу үшін өріс көрсетіледі. Тиісті өріске 1414-тен келген 6 таңбалы кодты енгізіңіз
·   Экранда фото-бейне түсірілімге рұқсат беру туралы жүйелік хабарлама пайда болады. Рәсімді жалғастыру үшін «бағдарламаны пайдаланған кезде» дегенді таңдау керек және рұқсат беру қажет
·   Экранда биометриялық сканерлеуден өту ережелері көрсетіледі. Нұсқауларды қарап шығып, процесті бастау үшін «жалғастыру» батырмасын басыңыз
·   Экрандағы кеңестер бойынша бетті және бетті кадрға орналастырыңыз және биометрикалық деректерді оқу рәсімінің аяқталуын күтіңіз
·   Пайыз индикаторы бойынша жүктеуді аяқтауды күтіңіз. Экранды жаппаңыз және жүктеу толық аяқталғанға дейін бетті жаңартпаңыз немесе қосымшаны жаппаңыз
·   Электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) шығаруға келісім өрісіне белгі соғып, рәсімді аяқтау үшін «Жалғастыру» батырмасын басу қажет.

Маңызды! AlmaPLUS SuperApp қосымшасында қолданылатын Egov.kz электрондық цифрлық қолтаңба жүйеде қолданылатын ЭЦҚ-дан ерекшеленеді.

     ·  Құпия сөзді ойлап тауып, оны қайта енгізіңіз. Құпия сөзге қойылатын талаптармен мұқият танысыңыз.
     ·  Құпия сөзді жасағаннан кейін экранның жүктелуін және деректердің өңделуін бірнеше секунд күту керек
     ·  Құжатқа сәтті қол қойылды! Процесті аяқтау үшін «Жабу» батырмасын басыңыз.

     Рәсім аяқталғаннан кейін шартқа қол қоюдың сәтті аяқталғаны туралы хабарлама пайда болады. Pop-up бағдарламасын жабу және бағдарламаға оралу үшін оны айқастырғышты басып жабыңыз.

РазвернутьҚол қойылған құжатты қайдан табуға болады?


Құжатыңызды көру үшін:
·  Қосымшаның негізгі мәзірін ашыңыз
·  «Менің құжаттарым» бөліміне өтіңіз
·  Тізімнен қажетті келісімшартты табыңыз
·  Файлды ашу үшін оның оң жағындағы «PDF» батырмасын басыңыз

РазвернутьДомофон камерасынан тікелей эфирді қайдан көре аламын?

· экранның төменгі жағында «almaHOME» ашыңыз
  Ашылған экранда барлық камераларыңыздың тізімін көресіз
· Бейнені толық экранда көру немесе мұрағатты ашу үшін, қажетті камера суретін басыңыз

РазвернутьДомофон камерасынан мұрағатты қайдан көре аламын?


                 Камера мұрағатын қарау үшін:
·  Экранның төменгі жағында «almaHOME» ашыңыз
·  Пайда болған экранда сіз трансляцияланған барлық камераларыңыздың тізімін көресіз
·  Қажетті камера суретін басыңыз
·  Содан кейін осы камерадан жазбаларды қарау үшін «Мұрағат» батырмасын таңдаңыз.

РазвернутьКамерадағы мұрағат қанша уақыт сақталады?


Қазіргі уақытта камерадағы мұрағат 5 күн бойы сақталады.

РазвернутьДомофонға арналған кілт-картаны қайдан алуға болады?


Оны almaPLUS сауда кеңсесінен сатып алу қажет.

РазвернутьКілт-картаны домофонға қалай енгізуге болады?


           Кілт картасын қосу үшін
·  экранның төменгі жағында «almaHOME» ашыңыз
·  пайда болған экраннан қажетті домофон камерасын таңдаңыз
·  содан кейін ашылған мәзірде карта нөмірі бойынша кілт-картаны қосу үшін «Карталар» батырмасын басыңыз

РазвернутьКамерадан қалай скриншот жасауға немесе экранды қалай жазып алуға болады?


· Экранның төменгі жағында «almaHOME» ашыңыз
· Пайда болған экраннан қажетті камераны таңдаңыз
· Содан кейін мәзірге өтіп, «Скриншот» немесе «жазу» батырмасын басыңыз
· Қалқымалы терезеде қосымшаға медиафайлдарға рұқсат беріңіз
Скриншоттар мен экран жазбалары құрылғының галереясында сақталады

РазвернутьalmaPLUS SuperApp қосымшасында кіреберістің есігін қалай ашуға болады?


·  almaPLUS SuperApp қосымшасында экранның төменгі бөлігінде «almaHOME» ашыңыз
·  Пайда болған экраннан қажетті камераны таңдаңыз
·  «Ашу» батырмасын басыңызна

РазвернутьalmaPLUS SuperApp қосымшасында барлық бейнебақылау камераларын қалай көруге болады


·  almaPLUS SuperApp қосымшасында экранның төменгі бөлігінде «almaHOME» ашыңыз
·  Пайда болған экраннан «камераларды» таңдаңыз
Бұл терезеде орнатылған барлық бейнебақылау камераларын көре аласыз. Камераның суретін басқанда, сіз трансляцияны толық экранда көре аласыз, мұрағатты көре аласыз, жазба немесе скриншот жасай аласыз.

РазвернутьКамераларға кіруге қалай рұқсат алуға болады


Көрсетілімдер мен мұрағатқа рұқсат алу үшін almaHOME қызметінің пайдаланушысы болу керек.
Егер авторизациядан кейін сізге қажетті камера тізімде көрінбесе немесе дұрыс көрсетілмесе, қолдау көрсету қызметіне мына ыңғайлы тәсілдердің бірімен хабарласыңыз
· Қосымшада:
Экранның төменгі жағындағы «Көмек» бөліміне өтіп, «Сөйлесуді бастау» батырмасын басыңыз.
· Телефон арқылы:
+7 771 300 05 02
+7 701 300 05 01
+7 (727) 300 05 01
+7 702 300 05 01
+7 700 300 05 01

РазвернутьҚандай қалаларда қосылуға мүмкіндік бар?


almaHOME қызметіне қосылу Астана қаласында қолжетімді

РазвернутьҚосылуға өтінімді қалай қалдыруға болады?

Сіз мынадай 3 тәсіл арқылы қосыла аласыз:
        1)   Қосымшаның басты бетіндегі нысанды толтыру.
        2)   Қызықтыратын тариф бетіне өтіп, нысанды толтыру үшін «Қосу» батырмасын басыңыз.
        3)    +77713000502 нөмірі бойынша біздің байланыс орталығына хабарласыңыз немесе аlmaPLUS SuperApp ішіндегі «Көмек» бөлімін пайдаланыңыз.
loading gif
support chat img
close icon svg
Көмек керек пе?
link icon svgІске қосу
+7 778 021 13 30
headset icon svgҚолдау
+7 701 30 00 501